Күте тұрыңыз...
ClassVR
оқушылардың белсенділігі мен оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін жасалған революциялық технология.
Дербес
VR дулығасы
Орталықтан
басқару
Электронды
білім беру ресурстары
Баптау
және оқыту
Қауіпсіз сақтау
және зарядтау
Дербес VR дулығасы

ClassVR гарнитурасы – сыныпта жұмыс істеуге арналған, мұғалімнің бақылауымен виртуалды нақтылыққа толық енуді қамтамасыз ететін дербес құрылғы. Басқа VR гарнитураларынан айырмашылығы, ClassVR қосымша құрылғыларды, мысалы, телефонды қажет етпейді.

Qualcomm Snapdragon XR1 сегіз ядролы процессоры 3 гб жедел жадымен бірлесіп, гарнитураларға контентті мүмкіндігінше тез жүктейді. 2560 x 1440 жоғары ажыратымдылықтағы 5,5 дюймдік дисплей мөлдір таза суретті қамтамасыз етеді. ClassVR гарнитуралары Wi-fi немесе Bluetooth сымсыз қосылысы арқылы жұмыс істейді, бұл оқыту процесін неғұрлым ұтымды және қауіпсіз етеді. Автофокусы бар 13 МП фронталды камера таңғажайып үш өлшемді суреттердің және анимацияның көмегімен баспа материалдарын жандандыруға көмектеседі.

Контроллер-манипуляторлар тек 3 түйме мен джойстиктің арқасында үш өлшемді көріністер мен виртуалды экскурсияларда барынша оңай басқару және қозғалу үшін жасалған.

Орталықтан басқару

Тінтуірді бір шерту арқылы оқытушы барлық гарнитуралардағы контентті қарауды қоса алады, оқушыларды бағыттап, әрқайсысының жетістіктерін қадағалай алады.

Бір уақытта қосылулар саны шектелмейді! Сабақты бір оқушымен немесе бірнеше жүздеген оқушылармен өткізуге болады, ең бастысы – барлығына гарнитура сатып алуды ұмытпау.

Студенттердің виртуалды нақтылыққа қатты еніп кетуі мүмкін екендігі соншалық, олардың назарын аудару қиынға соғады. Оқытушы динамикалық «қызығушылық нүктесінің» көмегімен 360° форматында көрсетілетін суреттің кез келген жерін басу арқылы оқушылардың назарын аудара алады. Гарнитураларда оқушылар «қызығушылық нүктесіне» апаратын «навигациялық тізбекті» көреді, ал нүктеге жеткен кезде мұғалім ерекшелеп бөліп қойған элементке нұсқайтын белгішені көреді. Бастың қалпын қадағалау инновациялық функциясының арқасында мұғалім әр оқушының өз гарнитурасында қайда қарап отырғанын нақты көре алады. Контентті трансляциялау кезінде оқушылардың ClassVR гарнитураларына жүктелген басқа контентті пайдалана алмаулары үшін гарнитурадағы түймелер бұғатталады.

Электронды білім беру ресурстары

ClassVR фирмалық кітапханасында, 360° шолу және 3D үлгі қолданылатын жоғары сапалы суреттер мен видеоларды қоса алғанда, бірегей және үнемі жаңартылып отыратын контенттің 900-ден астам бірлігі бар.

Біздің электронды ресурстарымыз бен құрылымданған сабақ жоспарларымыз оқушыларда ең қиын тақырыптардың өзін көрнекі түрде елестетуге және түсінуге көмектесетін жеке әсерлерді қалыптастыру арқылы олардың қиялын ынталандырады.

Виртуалды (VR) және толықтырылған (AR) нақтылықты білім беруде қолдану жөніндегі 50 беттен тұратын ақпараттық нұсқаулығымызды жүктеп алып, өздеріңіз үшін білім беруде VR қолдану теориясын және оқыту процесінде осы технологияны практикалық қолдану жөніндегі пайдалы кеңестерді ашыңыздар.

Баптау және оқыту

Түйсік деңгейінде түсінікті Мұғалімге арналған портал интерфейсі, оқыту ресурстарына тұрақты қолжетімділікпен бірге алғанда, жұмысты баптау процесін барынша оңай және түсінікті етеді.

ClassVR онлайн-курстары салған қаражаттарыңыздан барынша көп қайтарым алуларыңызға көмектеседі. Олар ыңғайлы қарқында оқуға мүмкіндік беретін сауалнамалары бар, жан-жақты және шағын көлемді бейнесабақтарды қамтиды. Жадты жаңарту немесе шеберлікті шыңдау үшін кез келген уақытта курстардан қайта өтуге болады.

Қауіпсіз сақтау және зарядтау

Жинақтарда барлық гарнитуралардың қауіпсіздігін, сенімділігін және толық зарядталуын кепілдейтін, сақтауға және зарядтауға арналған мобильді, мықты кейстер бар.

Жинақтардың 8 оқушыға және 4 оқушыға арналған екі түрі. Мысалы, сыныпта 20 оқушы болса, Сізге 8 гарнитурадан екі жиынтық және 4 гарнитурадан бір жиынтық қажет болады.

VR
Жиынтыққа мыналар кіреді:
  • Жаңа буындағы ClassVR гарнитуралары
  • Аралас нақтылыққа арналған ClassVR текшелері
  • USB-контроллерлер
  • Сақтауға, зарядтауға және тасымалдауға арналған кейс
  • ClassVR порталына жазылым бойынша
    1, 2 немесе 3 жылға опциялық қолжетімділік
Толығырақ білу
Неліктен ClassVR оқытудың ең жақсы шешімі болып табылады?
ClassVR

ClassVR-мен бүкіл әлемдегі балалар күн сайын өмір бойы бастан кешірмеуі мүмкін болған немесе бастан кешіре алмайтын нәрсені бастан кешіреді және бұрын-соңды болмағандай білім алады.

Нақтылықты виртуалды кеңейту

Көліктер, тарихи артефактілер немесе ғаламшарлар сияқты толықтырылған нақтылықтың интерактивті үш өлшемді үлгілерін ұсыну арқылы контент жандандырылғанда, балалар өздеріне айтылатын ақпаратты жақсырақ түсінеді. Балалардың 70%-ы материалды жақсырақ түсіне бастайды, балалардың 50%-ында зейін қоюы артады.

Бірегейлік және ерекшелік

Білім берудегі VR технологиясы нарығымен байланысты көптеген компаниялар сыныпты басқару мүмкіндігі, өз контентімен бөлісу және білім беру контентінің осындай үлкен базасына ие болу сияқты мүмкіндіктерді бермейді. Біздің бақылау мен контентке қолжетімділіктің тұтас жүйесі түріндегі шешіміміздің әлемде баламасы жоқ.

Толық енудің керемет әсері

Оқушылар ClassVR гарнитурасын кигенде, навигация үшін қимылды пайдалана алатын, ішінде жүріп-тұра алатын немесе болып жатқан оқиғаларды жай ғана бақылай алатын футуристік ғаламға енеді

Табыс және өзектілік болжамдары

ABI Research компаниясының талдаушылары 2022 жылға қарай әлемдік VR нарығы 5-6 миллиард АҚШ долларына дейін өседі және бұл тек бастамасы ғана деп мәлімдейді.

Нәтижелілікті жақсартады

Зерттеулер көрсеткендей, ClassVR қолданатын балалар топтары өз бағаларын 27%-ға жақсартып, білімдерін 32%-ға жақсырақ сақтаған.

Эмоциялық сала мен қиялды дамытады

Кез келген оқушының жетістігінің кілті - оның қатысуы мен ләззат алуы болып табылады, ал оқушылардың 98% оны ClassVR-мен міндетті түрде ала алады!

Білім беруге VR алғаш енгізушілердің бірі болыңыз!
ClassVR - оқытудағы инновациялық идеялардың қайнар көзі!

7 жылдан астам уақыт бойы заманауи технологияларды енгізуде мұғалімдерге қолдау көрсетіп келеді және бүкіл әлем бойынша 20-дан астам елде және ондаған мың мектептерде қолданылады.

Мұғалімдерге сыныпта белсенділікті арттырып, технологияларды қолдануды жеңілдетуге көмектесу үшін мектептерде технологияларды қолданудың жаңа тәсілдерін ойлап табады және үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, білім беру мекемелері үшін қарапайым, тиімді және инновациялық шешім болып қала береді.

ClassVR туралы фактілер:

  • ClassVR Ұлыбританияда жасалған және алғаш рет 2014 жылы Belt көрмесінде ұсынылды;
  • Bett, ERA, Teach for teachers көрмелерінде және басқа да білім беру көрмелерінде бірнеше мәрте жеңімпаз атанды;
  • Компания өндірген тауар әлемнің Ұлыбритания, Австралия, Қытай, АҚШ, Ресей сияқты 20-дан астам еліндегі, Еуроодақ елдеріндегі және көптеген басқа да елдердегі ондаған мың мектептерде қолданылады.
Видеоны көріп, ClassVR-дың оқытудағы
барлық мүмкіндіктері туралы біліңіз!
7 жылдағы ClassVR жетістіктері
ClassVR-мен ең тиімді
серіктестік туралы көбірек біліңіз!
ClassVR қайдан сатып алуға болады?
Нұр-Сұлтан қ., Шарля де Голля көшесі, 3 қабат
Алматы қ.,
Сулейменова көшесі, 24А